Алпауыт ел микросұлбалардың дамуын тездету үшін чиптердің цифрлық сыңар технологиясына қыруар қаржы құятын болды
Алпауыт ел микросұлбалардың дамуын тездету үшін чиптердің цифрлық сыңар технологиясына қыруар қаржы құятын болды
12 күн бұрын 364 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Цифрлық сыңар – міндеттер мен тапсырмалар бастан асып, атқарылатын істерге үлгермеген кезде немесе деректер конфигурациясы өзгерген кезде чиптің әрекетін зерттеуді жеңілдететін нақты физикалық чиптердің виртуалды үлгілері. Бұл технология зерттеушілерге жаңа процессорларды өндіріске енгізбес бұрын сынақтан өткізуге көмектеседі. Америка құрама штаттарының билігі чиптер және ғылым туралы заңға сәйкес цифрлық сыңармен жұмыс істейтін компанияларды бұл тарапта қаржыландыруды, сондай-ақ, чиптерді жобалау және өндіру институтын құруды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы theverge.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-та  2022 жылы қабылданған «Чиптер және ғылым туралы заңда» ұлттық жартылай өткізгіш өнеркәсібіне жалпы сомасы 280 миллиард доллар мөлшерінде қаржыландыру қарастырылған. Соның ішінде, жартылай өткізгіштер өндіретін жаңа кәсіпорындардың құрылысы үшін қаржы жұмасалады. Цифрлық сыңар жаңа жартылай өткізгіш концепцияларын моделдеуді немесе одан ары зерттеуді жылдамдату үшін генеративті AI (жасанды зерде) сияқты басқа дамып келе жатқан технологиялармен біріктірілетін болады. Қазіргі уақытта әлемге әйгілі Intel және Micron секілді ірі компаниялар аталған заңға сүйеніп, АҚШ үкіметінен қаржы алуды жоспарлап отыр. Өйткені, жасанды зерде технологиясының қарыштап дамуына байланысты қуатты чиптерге сұраныс күрт артып келеді.

0 пікір
Мұрағат